Site icon KAZAKBOL

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев елге оралды

Марғулан Сейсембаев

Өткен айда елде қуғынға ұшырау қаупі болғандықтан шетелде қалуға мәжбүр болып отырмын деп әлеуметтік желі арқылы жариялаған танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев елге оралды.

Бизнесмен Марғұлан Сейсембаев 1 ақпан күні кешкісін Facebook арқылы «ең жоғарғы деңгейдегі адам» қауіпсіздігіме кепілдік берді деп, елге келе жатқанын жазды.

Қаңтар айында бұрынғы «Альянс Банктің» қожайыны, танымал кәсіпкер өзінің бұрынғы бизнес-әріптесі Ескендір Ерімбетовке (оған БТА банктен шығарылған қаржыны заңдастырды деген іс бойынша қылмыстық іс қозғалды) қатысты арнайы органдар бірнеше мәрте тергеуге шақырғанын жазған. Ол осыған байланысты елде өзін қуғындауы мүмкін деп шетелде қалуға шешім қабылдадым деген.

2 ақпан күні таңертең бизнесмен Қазақстанға келді.

51 жастағы Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға осымен екінші рет «кепілдікпен» оралды. Сегіз жыл бұрын ол қысқамерзімді эмиграциядан кейін елге оралып, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа адал екенін мәлімдеген. Бұл «Альянс Банк» мемлекет меншігіне өткеннен кейін болды.

centralasian.org

Exit mobile version