22 шілдеде Кабул әуежайында қалың топтың арасында жанкешті өзін жарып жіберді. Бұл оқиға ел вице-президенті, генерал Абдулрашид Дустумның келуімен сәйкес келген. Бірнеше минөт бұрын ол Түркиядан оралған болатын. Ол бір жыл бойында сонда бой тасалап жүрген.
Reuters мәліметіне қарағанда, жарылыстан 14 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланған. Генерал Дустум зардап шекпеген. Жараланғандардың арасында бейбіт тұрғындар мен сәбилер бар. Шабуылды ешкім жауапкершілігіне алмады.
Генерал Дустум былтыр мамыр айында саяси қарсыласы Ахмад Ишчиге шабуыл жасады деген күдіктен кейін, елден қашып кеткен. Бірақ Абдулрашид Дустумға қарсы ресми айып тағылмады.
Генералды Анкарадан арнайы үкімет ұшағы елге алып келді. Оны ресми делегация мен жақтастары күтіп алған. Ол енді өзінің вице-президент қызметіне қайта кірісуі мүмкін.