Site icon KAZAKBOL

Кабулда экс-депутат Мурсал Набизаданы өлтіріп кетті

Кабулда ауған парламентінің бұрынғы депутаты Мурсал Набизаданы үйінде өлтіріп кетті. Белгісіз экс-депутаттың оққағарын да атып өлтірген.

Набизада 2019 жылы парламентке келген, алайда 2021 жылғы тамызда «Талибан» Ауғанстанда билікке келген уақытта заң шығарушы органнан кетуге мәжбүр болған. Әйел саясаткер тәліптер төңкеріс жасаған уақытта да шетелге қашып кетпеді. Набизада 32 жаста еді.

Экс-депутат тәліптер енгізген заңдарға қарсы шықты. Ол биліктің әйелдер мен қыздарға білім алуға тыйым салғанын, адам құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттерін ашық сынады.

2021 жылы билікке келген тәліптер әйелдер құқықтарын сақтауға уәде берген, алайда көп уақыт өтпей жатып шектеулер енгізе бастады. «Талибан» әйелдер ісі жөніндегі министрлікті таратты, қыздардың мектеп пен жоғары оқу орындарында білім алуын шектеді, әйелдердің спортпен шұғылдануына тыйым салды, тележүргізушілерді эфирге хиджаб киіп шығуға мәжбүрледі.

Ауғанстандағы соттар шариғат заңдарына сүйенуге міндетті. Елде халық алдында өлім жазасына кесу, жазалау енгізілді.

«Талибан» қозғалысын әлемнің көптеген елі террористік ұйым деп санайды.

Источник

Exit mobile version