Site icon KAZAKBOL

Канардың Пальма аралында жанартау атқылады

Атлантика мұхитындағы Пальма канар аралында жанартаулар атқылап, бес мың адам эвакуацияланды.

Бірнеше үйлер бұзылған.

Аралға Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес барды. Ол үлкен өртке айналып кетпес үшін, алдын ала шаралар жасап жатқанын мәлімдеген.

Канар аралдарының президенті Анхель Виктор Торрес төтенше жағдай орын алған аймақ орманды алқап екенін, онда адамдар аз тұратынын жеткізген. Пальма аралында халық саны — 80 мың.

Әзірге зардап шеккендер туралы айтылмайды.

Соңғы рет Кумбре-Вьеха жанартауы 50 жыл бұрын «оянған».

Источник

Exit mobile version