Site icon KAZAKBOL

Kazakh TV қырғыз тілінде хабар таратады

Фото: Казинформ

Қазақстандық Kazakh TV телеарнасы 1 мамырдан бастап қырғыз тілінде хабар тарата бастайды, деп хабарлады «Хабар» агенттігі.

Бұл телеарна бұған дейін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар таратып келген.

Агенттіктің хабарлауынша, HotBird 13, AsiaSat 5, Galaxy 19, Kazsat 2/3 спутниктері арқылы әлемнің біраз еліне тарайтын Kazakh TV телеарнасының 450 бағдарламасы мен жобасы қырғыз тіліне аударылған, сонымен бірге қырғыз тілінде редактор, режиссер, журналистер жұмысқа алынған.

Телеарнаның халықаралық ақпарат бөлімінің продюсері Рейна Досалиеваның айтуынша, Kazakh TV күзден бастап өзбек тілінде жүгіртпе жолдар пайдалана бастайды.

centralasian.org

Exit mobile version