Site icon KAZAKBOL

Кеден қызметінің Бакуде ұсталған бұрынғы басшысы Қырғызстанға жеткізілді

Қырғызстан қаржы полициясының қызметкерлері 28 желтоқсанда кеден қызметінің бұрынғы басшысы Адамкул Жунусовті Бішкекке жеткізді.

2018 жылдың тамызында Жунусовке «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген баппен сырттай үкім шығарылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2013-2016 жылдар аралығында Жунусов компания өкілдерімен жемқорлық байланыс ұстап отырған. Сол арқылы мемлекетке 166 млн сом (2,3 млн доллар) шығын әкелген.

4 желтоқсанда Жунусовті Баку әуежайында ұстады. Қаржы полициясының мәліметі бойынша, ол бұл қалаға Нью-Йорктен (АҚШ) ұшып келген. Әзірбайдан тергеу органдары оны экстрадициялауға санкция берген.

Exit mobile version