Ақсақал мен кейуана. Фото: ztb_kz
Фотода қария мен кейуана қол ұстасып, Астананы аралап жүргені байқалады. Егде жастағылардың кіршіксіз махаббаты желі қолданушыларының сүйіспеншілігін тудырды.
«Бақытты болыңыздар. Өмірлерің ұзақ болсын», «Бұл менің атам мен әжем. Олардың расымен махаббаты берік», «Әрбір қазаққа осылай қартаю нəсіп етсін», «Біле білсеңдер, қол ұстасқан ерлі зайыптының саусақтарының арасынан күнə төгіледі», «Аман болыңыздар! Не деген керемет көрініс, махаббаттары мəңгі болғай», — деп жазады пікір қалдырушылар.