Site icon KAZAKBOL

«Kesh You»-лік Элизаттың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды (фото, видео)

Фото: Әншінің желідегі парақшасы мен видеодан кадр

«Kesh You» тобының экс-солисі Элизатты жар еткен жігіттің кім екені анықталды. Күні кеше ақ босаға аттап, келін атанған бойжеткеннің күйеуі өнер саласынан алыс адам болып шықты деп жазады «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Биылғы жылдың мамыр айында топтан кеткен Элизат Берікова тұрмысқа шығатынын осы уақытқа дейін жасырын ұстап келді.

Бойжеткеннің айтуынша, жігіті тұрмысқа шығуға жеті жыл бұрын ұсыныс білдірген.

«Жұмыстағы келісімшартқа байланысты күйеуімнің ұсынысын кейінге қалдыра беретінмін. Жеті жылдан бері өз сезімін білдіріп келе жатқан жігітіме бүгін тұрмысқа шықтым. Ол «биыл тұрмысқа шықпасаң, өзгеге үйленемін» деп айтты. Өнерді жалғастыруыма күйеуім қарсы. Сондықтан ендігі жоспарым ана атану», — деді Элизат.

Элизаттың өмірлік серігі өнер саласынан емес. Ол әлеуметтік қызметкер. Есімі -Жәнібек.

Айта кететіні, тойға Баян Алагөзова шақырылмаған. Жас келін оның себебін ашып айтпады.

Ал келіншектің қыз жолдасы ретінде Сара Амангелді таңдалған.

Естеріңізге сала кетейік, құрамы жиі ауысатын «Кешью» тобын Баян Алагөзова таратып жіберген болатын.

Өнер жұлдыздарының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Exit mobile version