Site icon KAZAKBOL

Киевте тәжік азаматына оқ тиген

Киевте тұратын тәжік азаматына оқ тиген. Бұл жайында Украинадағы тәжік елшілігі хабарлады.

22 жастағы Н.Ж. есімді мигрант 9 наурызға қараған түні коменданттық сағат кезінде далаға шыққан кезде атыстың астында қалып, аяғына оқ тиген.

«Қазір мен ауруханада жатырмын. Аяғыма ота жасалды. Дәрігерлер әзірге тұруға рұқсат бермей жатыр», — деді Н.Ж.

Киевтегі тәжік елшісі Давлатали Назризода ауруханаға барып, жараланған азаматқа кіріп шыққанын, оған көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ресейдің Украинаға қарсы әскери шабуылына байланысты Киевте 24 ақпаннан бастап кешкі 20:00-ден таңғы 7:00-ке дейін коменданттық сағат енгізілген.

«Мен Украинада тұрып жатқан барлық тәжікстандықтарды коменданттық сағат кезінде үйде отыруын сұраймын. Ешкім қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Әскери ережені қатаң сақтауды сұраймын»,- деп мәлімдеді Украинадағы тәжік елшісі.

Ресми мәлімет бойынша, Ресей басып кіргенге дейін Украина аймағында 4 мыңға жуық тәжік азаматы болған. Олардың 101-і студент. Соңғы екі аптада 1400 тәжік азаматы Польша мен Молдоваға кеткен.

Источник

Exit mobile version