Site icon KAZAKBOL

Кишинев әуежайында оқ атқан тәжікстандықтың денесі туыстарына берілді

Молдова билігі Кишинёв әуежайында екі офицерді өлтірген тәжікстандық Рустам Ашуровтың денесі туыстарына берілді.

Тәжікстанның Украинадағы елшілігі (Молдовада да аккредитациядан өткен) Ашуровтың денесі Түркияға, ол жақтан Тәжікстанға жөнелтілгенін мәлімдеді.

Тәжікстанда «Ориёнбанк» төрағасының бірінші орынбасары Шухрат Исматуллоевты ұрлап әкетті деген күдікке ілінген Ашуров Түркия арқылы Молдоваға 4 шілдеге қараған түні ұшып барған. Кишинев әуежайында оған елге кіруге рұқсат берілмеген. Сол кезде ол шекара қызметкерінің тапаншасын жұлып алып, оны атып жіберген. Одан кейін әуежайдағы қауіпсіздік қызметкерінің өкілін өлтіріп, тағы бір жолаушыны жаралаған. Ашуров қолға түсіру кезінде жарақат алып, өткен аптада есіне келместен, ауруханада қаза тапқан.

Тәжікстанның бас прокуратурасы Ашуров банкир Шухрат Исматуллоевты ұрлауға және өлтіруге қатысы бар қылмыстық топтың 10 мүшесінің бірі екенін мәлімдеген. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл топ банкирді былтыр наурыз айында ұрлап әкетуді жоспарлаған.

Өткен аптада Шухрат Исматуллоевты ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталған. Олардың бәрі бұрынғы күш құрылымдарының қызметкерлері екені хабарланған.

«Ориёнбанк» төрағасының бірінші орынбасары Шухрат Исматуллоевты белгісіз адамдар 23 маусымда Душанбеде күшпен көлікке салып әкеткен. 49 жастағы Исматуллоев ел президенті Эмомали Рахмонның қайнысы Хасан Асадуллозоданың жақын адамдарының бірі болған.

Источник

Exit mobile version