Site icon KAZAKBOL

Колорадодағы шабуылдан кем дегенде он адам мерт болды

22 наурызда АҚШ-тың Колорадо штаты Боулдер қаласындағы супермаркетте болған атыстан он адам қаза тапты, оның біреу – полицей. Аймақтағы прокурор Майкл Догертидің сөзінше, күдікті ұсталған. Ол атыс кезінде жарақаттанып, қазір емделіп жатыр.

Полиция бастығы Марис Херольд пресс конференцияда супермаркет маңында бір адамның қару-жарақ ұстап жүргені туралы алғаш хабарлама алған 51 жастағы полицей Эрик Талли мерт болғанын айтты.

«Офицер Талли оқиға орнына бірінші болып жетіп, ауыр жарақаттанды. Оның әрекеті – ержүректік» деді Херольд.

YouTubе желісінде жарияланған видеода супермаркет едені мен автотұрақта жатқан адам денелері байқалады. Видеодан атыстың дауысы да естіледі. Тағы бір видеода супермаркет маңында көп полицейдің жүргені көрінеді.

Полиция қарулы адам не үшін шабуылдағанын нақты айта алмады.

«Бұл қиын тергеу мен тексеру болмақ. Бұған кем дегенде бес күн қажет» деді Херольд.

centralasian.org

Exit mobile version