Site icon KAZAKBOL

Куәгер: Астанада селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне батып кетті (фото)

Фото: куәгер

Кеше Астанада селфи жасамақ болған ер адам Есіл өзеніне құлап, батып кетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл жайт туралы NUR.KZ порталына куәгерлер оқиға орнынан хабарлады. Куәгердің айтуынша ер адам селфи жасамақ болып, өзенге құлап кеткен болуы мүмкін.

Фото: куәгер

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы бұл жайттың орын алғанын растады. Дегенмен ол бұл жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Куәгердің айтуынша, бұл жайт кеше кешке болған. Оқиға орнына келіп жеткен сүңгуір мамандар оның мәйітін әлі таппаған.

Exit mobile version