Site icon KAZAKBOL

Куляб пен Мүмінабадтағы ресейлік әскери базалардың мүлкі Тәжікстанға қайтарылады

Россия вывела свои подразделения из Куляба в 2015 году

Ресейдің Кулябтағы 201-әскери базасының мүлкі Тәжікстан үкіметінің меншігіне ресми түрде өтеді.

Ресей қаладағы әскери бөлімін алты жыл бұрын алып кетті, бірақ базадағы құрал-жабдықтарды тәжік тарапына беру мәселесі осы күнге дейін шешілмей келді.

Тәжік парламентінің депутаттары 15 желтоқсанда Ресей мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы хаттаманы ратификациялады. Куляб пен Мүмінабадтағы ресейлік әскери базалардың жылжымайтын мүлкін Тәжікстанға тапсыру туралы құжатқа биыл 28 шілдеде Душанбеде қол қойылған.

Заң жобасын парламентке таныстырған Тәжікстан қорғаныс министрі Эмомали Собирзода: «Жылжымайтын мүліктерге үш офицер жатақханаы, әскери саябақтар, медициналық пункт және асхана, сонымен бірге жылу қазандығы, қоймалар, ашық бассейн, балабақша және басқа да нысандар жатады», — деді.

Министрдің айтуынша, мүлікті тапсыру мәселесін қадағалайтын арнайы үкіметаралық комиссия құрылады. Оған Ресей мен Тәжікстан өкілдері кіреді.

Ресей Кулябтағы әскери бөлімін 2015 жылы Рудаки ауданындағы Ляур әскери полигонына көшірді. Кулябтағы әскери қалашық совет заманында салынған. Сарапшылардың кейбірі қалашықтағы мүлік әубаста Тәжіктан меншігі болған, сол себепті оны елге қайтадан «сыйлаудың» мәні жоқ деп есептейді.

Тәжікстандағы 201-әскери база Ресейдің шетелдегі ең ірі әскери нысаны. Ол Тәжікстанда кем дегенде 2042 жылға дейін болады.

Источник

Exit mobile version