Site icon KAZAKBOL

«Ұланбек Егізбаев. Шындық деп жанған өмір» деп аталатын кітап жарыққа шықты

Қырғызстанда қырғыз тілінде «Ұланбек Егізбаев. Шындық деп жанған өмір» деп аталатын кітаптың электронды нұсқасы жарық көрді.

Онда Ұланбек Егізбаевтың қысқа ғұмырында жасап кеткен заңсыздық пен коррупцияны ашатын жұмыстары, деректі фильмдері, зерттеу жұмыстары енгізілген. Мұнан бөлек кітапта журналистің қызықты мақалалары мен блогтары, өзі түсірген суреттері жарияланған. Сонымен бірге Ұланбек Егізбаевқа арналған естелік мақалалар да жарық көрген.

Кітапты құрастырушылар бұл жас журналистерге іздену жолында көмекші құрал болады деп үміттенеді.

Бұл кітап «Сорос-Қырғызстан» қорының қаржылық қолдауымен, «Азаттық Медианың» бастамасымен шығарылды.

Журналистік зерттеуімен танымал Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі болған Ұланбек Егізбаев биыл 22 шілдеде Ыстық-көл өзенінде демалып жүрген жерінде қаза тапты. Кітапты мына сілтемеден жүктей аласыз.

centralasian.org

Exit mobile version