Site icon KAZAKBOL

Латвиялық сот әлеуметтік желіде орыс тілінде жазған мэрді жазалады

Нила Ушаков

Cот мемлекеттік тіл Орталығы директорының Латвия астанасының мэрі Нила Ушаковқа әлеуметтік желіде өзге тілде жазғаны үшін 140 еуро көлемінде айыппұл салу тарлы шешімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Қамшы порталы.

Соттың шешіміне сай, шенеуніктер әлеуметтік желіде де халықпен байланысқанда мемлекеттік тілді қолдануы керек. Заң бойынша мемлекеттік және муниципалды мекемелер халыққа ақпаратты тек мемлекеттік тілде таратады және бөлек жағдайларда ғана шет тілін қолданады.

Бұл латвиялық сот тәжірибесіндегі алғашқы әлеуметтік желідегі өзін-өзі басқару коммуникациясына қатысты шешім.

2016 жылдың шілде айында Ушаков Facebook-те орыс тілін қолданғаны үшін оған 140 еуро көлемінде айыппұл салынған. Мэр сот шешіміне шағым түсіретінін және оның әкімшілігі халықпен латыш, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесуін жалғастыратынын айтқан.

Латвияда орыс тілінің мемлекеттік статусы жоқ. 2012 жылы оған мемлекеттік тіл статусын беру туралы ұсыныс жасалып, Латвия азаматтарының басым көпшілігі оған қарсылығын білдіріп, ұсыныс қабылданбады.

Exit mobile version