Site icon KAZAKBOL

Лондон мэрі Brexit бойынша қайта референдум өткізуді сұрайды

Лондон мэрі Садик Хан мен Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Brexit туралы келісімнің шекті мерзімінің жақындауына байланысты елдің Еуропа Одағына мүшелігіне қатысты тағы бір референдум өткізуге шақырған.

Хан қыркүйектің 15-і күні Observer басылымы жариялаған мақалада Brexit бойынша Лондонның Брюссельмен келіссөздеріне қатысты әлеуметтік стандарттарға, экономика мен еңбекпен қамтуға қатер төндіретін екіұшты жағдай қалыптасқанын айтқан.

«Еуропа Одағымен үкіметтің жасасқан кез-келген келісімі, егер келісімге қол жетпесе одан дауыс берусіз шығу, сонымен бірге Еуропа Одағы құрамында қалу мүмкіндігі жалпыхалықтық дауысқа салынуы тиіс», — деген Хан.

Ұлыбританияның экс-премьері Блэр де тағы бір референдум өткізуді қолдаған.

«Ең дұрысы халыққа бұрылып: бізде бұл келіссөздерге екі жарым жыл уақыт болды, енді біз барлық варианттарды білеміз. Сіз Еуропа Одағы құрамынан шығуды жалғастыруды қалайсыз ба немесе қалғыңыз келе ме?» дегеніміз жөн, — деп мәлімдеген маусымның 15-і күні Лондонда Тони Блэр.

Ұлыбритания келер жылғы наурыздың 29-ы күні Еуропа Одағынан шығуы тиіс. Бірақ премьер-министр Тереза Мэй келіссөзге қатысушылармен ортақ мәмілеге келе алмауы Brexit-тің «нәтижесіздігі» мен соның салдары ретінде Ұлыбританияны ықтимал экономикалық күйзеліске әкелуі мүмкін деген қауіпке негіз болған.

centralasian.org

Exit mobile version