Site icon KAZAKBOL

Лукашенко қасиетті Құранды маңдайына тигізіп, бүкіл әлемді өзіне қаратты (фото)

Құранды маңдайына тигізген Ердоған. Фото: muslim.kz

Минск қаласындағы алғашқы Орталық мешіттің ашылуына салтанатында Белоруссия президенті Александр Лукашенко өзінің батыл қимылымен көпшілікті өзіне қаратты деп хабарлайды muslim.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Шара барысында Беларусь мүфтиінің атынан Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Құран сыйға тартылды. Қолына Құранды алған Ердоған қасиетті кітапты сүйіп, маңдайына тигізеді. Бұны көрген Беларусь басшысы да Ердоғанның жасағанын қайталайды.

Құранды маңдайына тигізген Лукашенко. Фото: muslim.kz

Алайда БЕЛТА ресми агенттігі Лукашенконың Құранды сүйіп тұрған фотосын жария етпеді. Соған қарамастан түріктің Posta басылымы аталмыш суретті жариялап жіберді.

Айта кетейік, Құранды сүйіп, оны маңдайға тигізу қасиетті кітапқа деген құрметті білдіреді. Дәстүр бойынша, Құранды маңдайына діншіл мұсылмандар ғана тигізеді. Бұл әрекет мұсылманның қасиетті кітапқа мойынсұнатынын білдіреді.

Exit mobile version