Site icon KAZAKBOL

Лукашенко ауа райын дәл айтпағаны үшін синоптиктерді жұмыстан қумақ

Александр Лукашенко. Фото: Анна Исакова/ТАСС

Беларусь президенті Александр Лукашенко ауа райын дәл болжамайтын Республикалық гидрометеорология орталығының жұмысын сынға алды деп хабарлайды Baq.kz.

«Күнде сіздерден ақпарат аламын, оны оқыған сайын, бұл ұйымды таратып жібергім келіп тұрады», — деді Лукашенко.

Беларусь президенті метеорологтарға бірде-бір рет қателеспейтін әскери қызметтерден үлгі алуға кеңес берді.

Ол мұндай мәлімдемені елдің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрін тағайындау кезінде жасады.

Exit mobile version