Site icon KAZAKBOL

Ұлыбританияда жүрегі сыртында орналасқан сәби дүниеге келді (видео)

Ұлыбританияда жүрегі сыртында орналасқан сәби өмірге келді. Ол өте сирек кездесетін ауру — жүрек эктопиясына ұшыраған деп жазады The Guardian басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сәбидің сырқатпен туылатыны жүктіліктің тоғызыншы аптасында белгілі болған. Әдетте, мұндай дертке ұшыраған сәбилер өлі туылады немесе өмірге келген алғашқы күні шетінеп кетеді екен.

Сәбидің ата-анасы дәрігерлердің түсік жасату туралы ұсынсын қабыл алмаған. Қыз бала өмірге келген соң, оның жүрегін қалпына келтіру үшін 50-ге жуық дәрігер ота жасады. Бүгінде ол мұндай сырқатпен туылып, тірі қалған алғашқы нәресте болып отыр.

Exit mobile version