Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде қырғызстандықтар жерлесін өлтірді деген күдікке ілінді

Ресейде кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы Анвар Кубанычбек уулуның денесі 26 наурызда туған жеріне жеткізілді. Оны Қырғызстанның Нарын облысына жерледі.

Анвардың анасы Махабат Жанышева ұлын жұмыс істеп, ақша табу үшін Ресейге бір жыл бұрын жіберген.

Анвар Ресейде тұратын туыстарының үйінде тұрған. Ол пышақ жарақатынан қаза тапқан. Ресей ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, төрт күдікті ұсталған. Олардың бәрі қырғыз азаматтары. Қолдарында суық қару болған.

Күдіктілерге қарсы қылмыстық іс қозғалған.

7 млн қырғыз халқының бір миллионнан астамы Ресейде тұрып, жұмыс істейді.

Источник

Exit mobile version