Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде полиция азаптауына шыдамаған екі өзбек терезеден секіріп, ауруханаға түсті (видео)

Мәскеу түбіндегі Балашиха қаласындағы полицияда азаптаудан құтылу үшін екінші қабат терезесінен секірген екі өзбекстандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Полицияның екі қызметкері келесі күні ауруханаға келіп, «қылмыстық іздеу қызметкеріміз» деп таныстырып, зардап шеккен өзбектерге «бізді ешкім қорқытпады» деп жаздырып алған.

Полицияда азапталған өзбектер реставратор болып жұмыс істеген. Оларды Мәскеу политехникалық музейге жұмысқа шақырған. Олар полицияға 20 қыркүйекте кешке түскен.

Қырғызстан азаматы Эльёрбек Умаровтың пәтеріне төрт өзбек қонаққа келген. Олар: Жасурбек Бегимов, Дильшод Темиров, Әлішер Эргашев және Ильхом Холматов. Біраз уақыттан соң полицияның үш қызметкері пәтерге баса-көктеп кіріп, олардың барлығын ұра бастаған.

«Полиция қызметкерлерінің бірі маған тапаншасын көрсетіп, атып тастаймын деп қорқытты. Одан соң не болғанын білмеймін, жерде жатқаным және аяғым сынғаны ғана есімде қалыпты», — деді Ильхом Холматов.

Екінші қабаттан секіріп кеткен тағы бір өзбекстандық Дильшод Темировтың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзбек мигранттарына жасалатын ота құнын Өзбекстан еңбек министрлігіне қарасты сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің Мәскеудегі кеңсесі төлейді.

centralasian.org

Exit mobile version