Site icon KAZAKBOL

Мәскеудегі қырғыз елшілігі Ресейге келген азаматтарын 30 қыркүйекке дейін тіркелуге шақырды

Мәскеудегі Қырғызстан елшілігі Ресейге жұмыс істеуге келген қырғыз азаматтарын 30 қыркүйекке дейін тіркеліп, еңбек келісім-шартын реттеп алуға шақырды.

Ресей президентінің қаулысына сәйкес, мигранттарды уақытша тіркеуге алу 16 шілдеден 30 қыркүйекке дейін созылған. Пандемия басталған кезде, шетел азаматтарына мерзімі өтіп кеткен тіркеу құжаттарымен жүруге уақытша рұқсат берілген.

Енді шетел азаматтары тіркелу үшін алдымен жұмыс берушімен еңбек келісім-шартын бекіту керек. Егер бұл тәртіп бұзылса, полиция мигранттарды әкімшілік жазаға тартатын болады.

Источник

Exit mobile version