Site icon KAZAKBOL

Мұнайшылар наразылықты қайта жалғастыратынын мәлімдеді

Маңғыстау облысына пойызбен бара жатқан мұнайшылар мәселесі шешілмесе, наразылық өткізу үшін қайтадан Астанаға баратынын мәлімдеді. 13 сәуірде олар темір жол станцияларының бірінен үкіметке видео үндеу жолдады.

«Мәселе шешіледі дегеннен кейін, біз кері жолға шықтық. 12 сәуірден бері жолдамыз. Бірақ мәселе дұрыс шешілді деген ешқандай хабар болмағандықтан, Астанаға кері қайтуға дайынбыз. Маңғыстауға 14 сәуірде жетеміз. Егер оған дейін ешқандай шешім қабылданбаса, біз, жұмыссыздар тобы Астанаға кері баруға дайынбыз. Біздің талап орындалсын!», — деді олар.

10 сәуірде «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы 82 қызметкері Астанаға барып, энергетика министрлігі алында наразылыққа шыққан. Бірақ оларға ешкім шықпай, сол жерде түнеп қалған.

11 сәуірдің кешінде Астана полициясы маңғыстаулық жұмысшыларды күшпен қамап алып кеткен. Ертесі олар босатылып, пойызбен Жаңаөзенге жөнелтілген.

Источник

Exit mobile version