Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде жаппай төбелеске қатысқан өзбек және тәжік мигранттары депортацияланады

Мәскеуде жаппай төбелеске қатысты деген күдікпен 41 тәжікстандық және 85 өзбекстандық еңбек мигранты ұсталды. Олардың 20-сы Ресейден депортацияланбақ. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы еңбек миграциясы бойынша агенттігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 1 сәуірде Мәскеудегі компаниялардың бірінде екі қызметкер арасында дау шыққан. Кейін оған басқа жұмысшылар қосылып, жаппай төбелеске ұласқан.

«Агенттіктің Мәскеудегі кеңсесі Өзбекстанның елшілігімен бірлесіп, бұл мәселені тиісті органдар арқылы шешуге әрекет жасап жатыр», — деп жазылған мекеме мәліметінде.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Мәскеудегі «Сердце Столицы» құрылыс нысанында мигранттар арасында жаппай төбелес болып, полиция 125 адамды қамауға алды деген хабар тараған.

Источник

Exit mobile version