Site icon KAZAKBOL

Мәскеудегі түркімен елшілігі Бердымухамедовтің «комада жатыр» деген ақпаратты теріске шығарды

Түркіменстанның Ресейдегі елшілігі түркімен президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпаратты теріске шығарды. Бұл жөнінде Ресейдің РБК басылымы хабарлады.

«Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы бірқатар БАҚ таратқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» деп мәлімдеді түркімен елшілігі.

Бердымухамедовтің комаға түскені туралы ақпарат 21 қыркүйекте бірқатар ресейлік Telegram-каналдарында пайда болған.

20 қыркүйекте Түркіменстанның мемлекеттік арналары Бердымухамедов видеобайланыс арқылы қатысқан үкімет отырысы жайында хабар таратқан.

Түркіменстан президентінің денсаулығы нашарлап кеткені туралы алып-қашпа әңгімелер осыған дейін де пайда болған. Оған президенттің көп уақыт көпшілік алдына шықпай қалғаны себеп болған.

Қазір Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.

Источник

Exit mobile version