Site icon KAZAKBOL

Мұхтар Тайжан прокуратурадан митингке шақырғандардың босатылуын талап етті

Мұхтар Тайжан. Фото: time.kz

Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан Бас прокуратурадан заңсыз митингті ұйымдастырушыларды мерзімінен бұрын босатуды сұрады.

«Мен олардың рұқсат етілмеген митингке шақырғанын түсінемін. Дегенмен, олар оны әлі де жасаған жоқ. Ұстау түн ішінде жүргізілді. Сіз полиция күш қолданған жоқ дейсіз, қолданды, видеосы бар. Ата-аналарының үйіне тінту жүргізді. Осыны түсінесіз бе? Қазір біздің барлығымыз да барынша абай болуға, ұстамды болуға тиіспіз. Мемлекетке ұйымдасқан институт ретінде эмоционалды адамдарға қарағанда зор жауапкершілік жүктеледі», — деді ол Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченкоға қарата.

Мұхтар Тайжан Бас прокуратурадан тұтқынға алынғандарға қатысты сот шешімін қайта қарауға және оларды мерзімінен бұрын босатуға ықпал етуін өтінді.

Айта кетерлігі, отырыс барысында А.Кравченко заңсыз митингке шақырғаны үшін шамамен 40 белсенді тұтқынға алынғанын мәлім еткен болатын.

Источник: ИА «Казинформ»



Exit mobile version