Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде қырғыз жүргізуші клиенттің әмиянын қайтарып беру үшін, 8 сағат тосқан

Мәскеу тұрғыны Варя Борцова қырғызстандық таксист жүргізушісі әмиянын қайтарып беру үшін, өзін сегіз сағат бойында тосқанын айтып берді.

Facebook парақшасында мәскеулік қыз таңғы сағат бесте әуежайдан үйіне оралғанын, оны қырғызстандық жүргізуші жеткізіп салғанын жазады. Түскі 13.00-де ұйқысынан оянғаннан кейін, әмиянын құжаттарымен бірге көлікте қалдырып кеткені есіне түседі. Ол байбалам салып, таксилерді қолдау қызметіне звондай бастайды.

«Мен банк карталарымды бұғаттауға кіріскенімде, терезеден қарап тұрған әкем: «сыртта көлік жанында тұрған жігіт сені жеткізіп салған жүргізуші емес пе?» деп сұрады. Мен көшеге жүгіріп шықтым. Расында сол екен, ол үй маңындағы адамдардан мені біледі ме деп сұрастырып жатыр екен», – дейді Борцова.

Варя Борцова жігіттің аты-жөнін сұрауды ұмытып кеткенін, қырғызстандыққа рақмет айтып, сыйақы бергенін жазады. Кейін мәскеулік қыз қырғыз жүргізушінің есімі Қайрат Тентимишев екенін анықтағанын айтады.

Мәскеулік қыз қырғыз жүргізушіні құрметтегені соншалықты, бір кез Бішкекке міндетті түрде баратынын жазған.

«Мен Бішкекте 2014 жылы жұмыс барысымен бір тәулік ғана болдым. Тек басты алаңы мен опера және балет театры есімде қалыпты. Осы жағдайдан кейін Қырғызстанға тағы да міндетті түрде барамын», – дейді Варя.

centralasian.org

Exit mobile version