Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде Қырғызстан тумалары отандастарын тонаған

фото с сайта lada.kz

Ресей астанасында қырғыз таксистерінен ақша бопсалап, оларды тонаумен шұғылданған екі адам ұсталды.

ІІМ мәліметі бойынша, Қырғызстан тумалары өздерін криминалдық дөкей К. К. адамдары ретінде таныстырып, таксопарк аумағындағы ангарда өз отандастарын тонаған. Олар таксишілерді адам жүрмейтін жерлерге алып шығып, өздеріне бағынбағандарды ұрып-соққан.

Жәбірлеунішің бірінен 1600 доллар, паспортын, телефоны мен басқа да бағалы заттарын алып қойған. Одан кейін де ақша бопсалаған. Күдіктілер ақша қылмыстық істі жабу үшін қажет деп айтқан.

9 қазанда 10 мың рубль алу кезінде 26 жастағы Мадияр Касымбеков пен 25 жастағы Абдилманап уулу Аскар ұсталды. Екеуі де – Қырғызстан тумасы. Олардың азаматтығы туралы ІІМ хабарламады.

Ұсталған азаматтардан ақша, 54 адамның көлік жүргізу куәлігі, 35 қырғыз паспорты және 3 әскери билет тәркіленген. Тергеу жүріп жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version