Site icon KAZAKBOL

Мәскеуде өзбек және қырғыз азаматтары төбелесіп, бір қырғызстандық қаза болды

30 шілдеде Мәскеудің Вертолетчиков көшесінде, құрылыс жүріп жатқан нысанда Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары төбелескен. Бұл жөнінде Ресейдегі Қырғызстан елшілігі хабарлайды.

Алдын ала сот сараптамасының ақпараты бойынша, бір қырғызстандық қаза тапқан. Ол төбелес кезінде биік қабаттан құлаған.

Ресейдің тергеу комитеті қырғыз азаматының өліміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысқан төрт қырғыз азаматы мен оншақты өзбек азаматы ұсталған.

Төбелес кезінде қаза тапқан қырғыз азаматының денесін бүгін Қырғызстанға жібермек.

centralasian.org

Exit mobile version