Site icon KAZAKBOL

Маңғыстауда өзбек азаматтары «мефедрон сақтады» деген күдікпен ұсталды

Маңғыстау облысының полициясы Өзбекстанның бірнеше азаматын есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар «есірткіні тығу кезінде қолға түскен». Полициядағылардың айтуынша, күдіктілерден «740 грамм есірткі табылған».

«Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнын тінту кезінде жалпы салмағы 200 грамм болатын «мефедрон» есірткісі, шамамен 10 грамм тартатын 20 дана «марка» тәркіленді. Бұл топ ірі көлемде есірткі дайындап, оларды Ақтау қаласының аумағына тығу арқылы сатып, ақшаны электронды әмияннан алған», — деп хабарлады Маңғыстау полициясы.

Департамент мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр, қылмыстық іс қозғалды.

Источник

Exit mobile version