Мақпад Жүнісова қызы Мереймен
Елдің сүйіктісіне айналған Мақпал Жүнісова өзінің сегізінші сынып бітірген қызы Мерейдің қандай қыз екенін айтып, оны өзінің жасөспірім кезімен салыстырды. Ол өзінің анасынан таяқ жеген күндерін еске алды.
Бұл туралы әнші Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.
Бірнеше шет тілін жетік меңгерген Мақпалдың қызы Мерейды анасы ақылды екенін айтты.
«Қызым сегізінші сыныпты бітіріп, тоғызынша сыныпқа көшіп жатыр. Өте жақсы, бес деген бағамен бітірді. Мерей енді жақсы еркелейді. Бәрін көтереміз. Менің қызым ақылды ерке, еркелесе орнымен еркелейді.
Жаман қылықтары жоқ. Мен мысалы одан да жаман болғам. Велосипедпен тау-тасты аралап қаңғырып кететінмін.
Сол үшін анамнан қатты таяқ жеген кездерім болған. Өйткені ананы тыңдау керек. Ал менің қызым мені тыңдайды», — деді Мақпал Жүнісова.