Site icon KAZAKBOL

Маңғыстаудағы бір түрмеде 28 педофил жазасын өтеп жатыр

Түрме Иллюстрациялық фото: exzk.ru

Арнайы есеп бөлімінің басшысы Айдар Денеевтің ресми мәліметінше, Маңғыстау облысындағы ГМ-172/6 қатаң режимдегі түзету мекемесінде 28 педофил жазасын өтеп жатыр деп хабарлайды Tumba.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

«2012 және 2016 жылдың аралығында сотталған 28 адам осы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Жас аралығы 16-40 шамасында. Олардың жасаған қылмыстарына байланысты жаза мерзімі де әртүрлі. 10-15 жыл аралығында», — дейді Айдар Денеев.

Арнайы есеп бөлімінің басшысы атап өткендей,  сотталған педофилдердің 50 пайызы Ақтау тұрғындары. 2016 жылдың өзінде облыста 5 педофил сотталған.

Exit mobile version