Site icon KAZAKBOL

Малайзияның батысында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

Жұма күні Малайзияның батысындағы Селангор штатында шағын ұшақ апатқа ұшырады .

Бұл туралы Star газетінің электрондық нұсқасына сілтеме жасап  ТАСС мәлімдеді.

«Полицияға,  өрттен  құтқару қызметіне жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-дарда Куала-Селангор ауданы тұрғындарынан ұшақ құлағаны жайлы ақпарат келіп түсті», — делінген басылымда.

Жергілікті құтқару басқармасының өкілі Руслан Ибрахимнің хабарлауынша, «ұшақ апаты қалың джунгли орналасқан жетуі қиын аумаққа құлаған».

«Іздеу операциясы енді басталды. Сондықтан борттағы адамдар санын да, ұшақ түрін де дөп басып айту қиын», — деді ол.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Exit mobile version