Site icon KAZAKBOL

Мамыр айында Қырғызстаннан ең көп сомада доллар шығарылған

tengrinews.kz

Биыл мамыр айында жеке адамдар тарабынан Қырғызстаннан 85,5 миллион доллар сыртқа шығарылған. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық банкінің ақша аудару бойынша есебінде айтылады.

Шығарылған ақшаның 80,1 миллион доллары Ресейге жөнелтілген. Сарапшылар бұл 2005 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш екенін айтады.

Осыған дейін Қырғызстанда АҚШ долларының жетіспеушілігі байқалып жатқаны хабарланған.

Ал мамыр айында 257 миллион доллар Қырғызстанға келген. Оның 245 миллион доллардан астамы Ресейден кірген.

Источник

Exit mobile version