Site icon KAZAKBOL

Мариупольде кескілескен шайқас жүріп жатыр

Украинаның әскери қолбасшылығы Ресей тараптан шабуылдың үдеуіне, әсіресе маңызды инфрақұрылым нысандарын бомбалап жатқанына алаңдайды.

Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығының төртінші аптасында теңізге шығатын басты портты қала Мариупольде кескілескен соғыс жүріп жатыр.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Мариупольді беру талабынан бас тартып, Украина ешқашан өзінің қалаларынан бас тартпайтынын мәлімдеген. «Украина Ресейдің талабын орындай алмайды. Ол үшін олар бізді жою керек»,- деп мәлімдеген 21 наурыз күні кешкісін.

Тараптар оқ атуды тоқтату жөнінде видео байланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр. Зеленский соғысты тоқтату үшін Ресей президенті Владимир Путинмен «кез-келген форматта» кездесуге дайын екенін жеткізген.

Ол Ресей тараппен қол жеткізген кез-келген ұсыныс, келіссөз тек референдум арқылы ғана шешімін табады деді.

Зеленский 22 наурызда италиялық парламентте сөз сөйледі. Ол АҚШ, Канада, Германия және Израильден әскери көмек сұрады.

Соңғы екі аптада Азов теңізіне шығатын Мариуполь Ресейдің қоршауында қалды. Егер қаланы Ресей бақылауына алатын болса, онда 2014 жылы Мәскеу басып алған Қырыммен біріктіріліп, Кремль қолдау көрсететін жікшілдердің басқаруына берілмек.

400 мың халқы бар Мариупольде қазір су, тамақ және жылу жоқ.

Ресми мәлімет бойынша, Мариупольде 2300 адам қаза тапқан.

Жұрт марқұмдарды көшеге жерлеп жатыр. Ал үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе бас сауғалауға мәжбүр.

Источник

Exit mobile version