Site icon KAZAKBOL

Маск экс-президент Трамптың twitter’дегі аккаунтын бұғаттан босатты

Twitter корпорациясының жаңа қожайыны Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды.

Бұның алдында Маск экс-президент Трамптың твиттердегі жазбаларын қалпына келтіру жөнінде сауалнама өткізген. Респонденттердің жартысынан астамы ұсынысты қолдаған. Сауалнамаға 15 миллион қолданушы қатысқан.

«Vox Populi, Vox Dei», – деп жазды Маск («халық дауысы — құдай әмірі»).

Трамп Twitter’ге қайтып оралмайтынын, өзінің Truth Social әлеуметтік желісін қолдана беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. Бірақ АҚШ-тың 45-президентінің аккаунтына тоғыз миллионнан астам адам жазылған.

Дональд Трамптың Facebook, Instagram және Twitter әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары 2021 жылғы қаңтарда бұғатталған. Сол кезде Трамптың АҚШ президенті сайлауы нәтижесіне наразы болған жақтастары Вашингтондағы Капитолий ғимаратын басып алған. Бірнеше адам опат болған. Әлеуметтік желілердің басшылары Трамп аккаунттары арқылы жақтастарын тәртіпсіздікке үндеді деп шешкен.

Илон Маск Twitter’ді биыл қазанның аяғында 44 миллиард долларға сатып алған.

Источник

Exit mobile version