Site icon KAZAKBOL

Медведев: Егер Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіретін болса, Ресей Балтық өңіріне ядролық қару орналастырады

Егер Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүше болатын болса, Балтық өңіріне ядролық қару жайғастыру мәселесі бірінші кезекті сөз болады деп жазды Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Дмитрий Медведев телеграм-каналына.

Ресей тарап аталған екі елдің НАТО-ға кіру мүмкіндігіне теріс баға берген. Енді Медведев Мәскеудің нақты қадамдары жөнінде бірінші рет мәлімдеді.

Оның сөзінше, «Ресейдің ресми тіркелген қарсыластары көбейе түседі» және оларға қарсы әскерді де күшейтуге тура келеді.

Медведев сөз арасында ядролық қаруды еске салған. Ол Ресей бүгінгі күнге дейін мұндай қадамға бармап еді, тіптен ойланбаған еді дейді.

Медведевтің сөзінше, Ресейдің Украинамен секілді Швеция және Финляндиямен аумақтық дауы жоқ. Сол себептен аталған елдердің НАТО-ға кіруіне Ресей басқаша қарайды.

Қазір Швеция мен Финляндия Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін, НАТО-ға қосылу мәселесін ашық әрі белсенді түрде талқылап жатыр.

Источник

Exit mobile version