Site icon KAZAKBOL

Мектеп оқушысы өз қатарласының екі қолын сындырып тастады

Көрнекі фото: ob-zor.ru

Мәскеу мектептерінің бірінде 13 жастағы жасөспірім қатарласының екі қолын сындырған. Бұл туралы ресейлік басылымдар хабар таратуда.

Оқиға 10 ақпан күні болған. 13 жастағы оқушы мектептегі киім шешетін орында қатарласының қолынан тартып, киім ілгішке соғады.

Жәбірленушінің ата-анасы баласын емханаға апарғанда «екі қолының үштен бір бөлік сүйегі сынған» деген диагноз қойған.

Қазіргі таңда зардап шеккен оқушы үйінде. Денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

BAQ.KZ

Exit mobile version