Site icon KAZAKBOL

Мектептерде бұдан былай Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту міндеттелмейді

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара енгізген «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті бағдарламалар тізімінен алып тастады. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл қыркүйек айынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Егер мектептер «Өзін-өзі тану» пәнін факультативті сабақ ретінде таңдаса, онда бұрынғыдай 11жыл қатарынан емес, бір оқу жылында ғана оқытылатын болады.

Бұл пән мектеп бағдарламаларында 2009 жылдан бері пайда болды. Оның бастамашысы бұрынғы президенттің әйелі Сара Назарбаева болатын. Оның мақсаты – өзінің білімі мен білігін дамыта алатын рухани, толыққанды адам қалыптастыру делінген.

Елбасы мәртебесіне ие Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы биліктен кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесі арқылы мемлекеттік басқару тетігін өзінде қалдырған.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің тізгінін өзіне алды.

28 қаңтардан бастап биліктің «Нұр Отан» партиясын да Қасым-Жомарт Тоқаев өзі басқаратын болды. Саяси партия кеңесіне Назарбаевтың қызы Дариға кірмеді. Сонымен бірге елдегі барлық жоғары лауазымды қызметтерден Назарбаевтың туыстары кетті.

Источник

Exit mobile version