Мейрамбек Беспаев.
Бүгінде Баян Есентаева, Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Зарина Омарова сынды шоу бизнес өкілдерінің өз өмірі туралы сыр шертіп, кітап жазғаны белгілі. Осы орайда Мейрамбек Беспаев олардың кітабын ешуақытта оқымайтынын айтты.
«Мен әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын өмірде. Оқығым келмейді. Себебі біреудің өміріне араласқым келмейді. Оның өмірінде не боп жатқанын айтып, пыш-пыш ету маған жараспайтын шығар. Оқысам қазақ ақын қыздарының өлеңдерін оқимын. Фаризаны оқыр едім. Қазіргі замандастарымның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын білгім келмейді.
Қазір жаппай бір-екі қызға көп қаракөздеріміз үңіліп жатыр, солардай болғысы келеді. Мысалы, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқты. Ол жақсылыққа апара ма, жамандыққа апара ма, мен білмеймін. Бірақ көбінесе біздің қаракөздеріміз солар сияқты болғысы келіп жүр. Солар тәрбиелеп жатыр.
Жалаңаш бейнесін көрсету, оның өзін ұят емес дегенге келтіру, кейбір жерлерде әдептерден кетіп қалып жатыр. Осы сәнге айналып жатыр. Мені оның барлығы қынжылтады. Мен ондайларды оқымаймын», — деді Мейрамбек Беспаев.