Site icon KAZAKBOL

Миллиардер Илон Маск акцияларының 10 пайызын сатады

Tesla компаниясының басшысы, әлемдегі ең бай адам саналатын Илон Маск акцияларының шамамен 10 пайызын сатады. Миллиардер акцияларды сату-сатпау туралы сауалды твиттерде қойған. Тұтынушылардың 58 пайызы акцияларды сатуын сұраған.

Масктің сенбі күні твиттерде жариялаған сауалнамасына 3,5 миллионнан астам қолданушы қатысты, — деп хабарлады «Америка дауысы».

«Сауалнаманың екі нәтижесіне де дайын болдым», – деп мәлімдеді Маск.

Маск Tesla компаниясы акцияларының 23 пайызына ие. Tesla – әлемдегі ең ірі автомобиль компаниясы. Оның нарықтағы құны жақында 1 триллион доллардан асты. Reuters есебі бойынша, Маск акцияларының 10 пайызы шамамен 21 миллиард доллар болады.

Сенаттағы демократтар миллиардерлердің акциялары мен сауда активтеріне салық салуды, содан түскен қаражатты президент Джо Байденнің әлеуметтік бағдарламаларына құюды ұсынды.

Маск бұл ұсынысты сынап: «Күндердің күнінде өзгелерден алған ақшасы таусылып, олар сенің ақшаңа ортақтасуға келеді», — деп мәлімдеді.

Exit mobile version