Site icon KAZAKBOL

Мирзияев Өзбекстан президенті мерзімінен бұрын сайланатынын жариялады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы заңға қол қойды.

Бұл шешімін 8 мамырда Өзбекстан Олий Мәжіліс палаталарының төрағаларымен, саяси партия жетекшілерімен, сот және атқарушы билік органдарының басшыларымен кездескенде жариялаған.

«Жаңартылған конституцияның 128 бабында ел президентіне берілген өкілеттікті пайдалана отырып тағы бір маңызды құжатқа қол қойдым. Бұл құжат бойынша елімізде президент сайлауы мерзімінен бұрын өтеді», – деді президент Мирзияев.

Өзбекстанда президент сайлауы 2021 жылы қазан айында болған. Ол сайлауда ресми билік «Мирзияев 80,12% дауыс жинап, сайлауда жеңді» деп жариялаған.

Шавкат Мирзияв Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келген Ислам Каримов өлген соң, 2016 жылы желтоқсанда кезектен тыс президент сайлауы нәтижесінде билікке келген.

Өзбекстан презиенті өзіне мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеуге мүмкіндік беретін конституциялық заңға таяуда ғана қол қойған.

30 сәуірде Өзбекстан конституциясы референдум арқылы өзгертілген. Жаңа өзгеріс бойынша президент өкілеті 5 жылдан 7 жылға ұзарған.

Өзбекстанның қазіргі конституциясы 1992 жылы қабылданып, одан бері 15 рет өзгерген.

Источник

Exit mobile version