Site icon KAZAKBOL

Мирзияев осы аптада Мекке мен Мединаға барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17-18 тамыз күндері Сауд Арабиясына мемлекеттік сапармен барады. Мирзияевті Сауд Арабия басшысы Сальман бен Абдел-Әзіз Әл Сауд шақыртқан. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов 15 тамызда Ташкентте өткен брифингте хабарлады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Джидда қаласында мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді. Жүздесуде Өзбекстан мен Сауд Арабиясы әріптестігін одан әрі дамыту мәселелері сөз болады.

Асадовтың айтуынша, сапар нәтижесінде «жасыл экономика», жоғары технология және цифрлау, инновация, шағын кәсіп және кәсіпкерлікке қатысты көптеген құжат қабылданады.

Сауд Арабиясына сапары аясында Өзбекстан президенті Мекке мен Мединада болады.

Өткен айда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына сапары кезінде кіші қажылыққа да барған.

Источник

Exit mobile version