Site icon KAZAKBOL

Мирзияевтің қыздары мен күйеу балалары ресейлік әншілерге демеушілік жасап, кеш ұйымдастырған (видео)

Дочери президента Узбекистана Саида (справа) и Шахноза Мирзияевы на банкете, устроенном в честь российской певицы Полины Гагариной.

1 қазанда Ташкенттегі Humo сарайында ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті өтті. Әлеуметтік желідегі өзбек сегменті арасында концерттен кейін ұйымдастырылған банкетке қатысты шу шықты.

«Евровидение-2015» байқауында екінші орын алған ресейлік әнші Полина Гагарина 25 желтоқсанға дейін Ресейдің қалаларында «Обезоружена» деген жаңа концерттік бағдарламасын ұсынады. Оның гастролдік сапарларының ішінде Өзбекстан да бар.

2 қазанда Гагаринаның продюсері Андрей Мухачев айтқандай, әншінің Ташкентте өткен концертіне 10 мыңнан астам адам жиналған. Концерт өте жоғары деңгейде өткен. Гагарина мен оның жанкүйерлері концерттен үзінділерді әлеуметтік желілерге жариялады.

Алайда өзбекстандықтар арасында концерттен кейінгі банкеттің видеосы кең тарады.

Видеода әншімен бірге Өзбекстан президентінің қыздары мен күйеу балаларын да байқауға болады. Олар бәрі қосылып «Обезоружена» әнін шырқап отыр.

Президенттің үлкен қызы Саида Мирзияева Өзбекстан үкіметінің басты пияршысы деуге болады. Ол ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігі директорының орынбасары қызметін атқарады.

Оның жанында президенттің кіші қызы Шахноза Мирзияева отыр. Ол мектепке дейінгі білім беру министрлігінде бас маман.

Мирзияевтің күйеу балалары да жоғары лауазымды қызметтерге ие. Нақтыланбаған ақпаратқа сенсек, үлкен күйеу бала Ойбек Турсунов президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ал екінші күйеу бала Отабек Умаров – мемлекет басшысы қауіпсіздік қызметінің жетекшісі.

Өзбекстан президентінің отбасының Әлеуметтік желіде тараған видеосы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримов тұсындағы үлкен қызы Гүлнара Каримованың шалқыған өміріне ұқсайды деп жазады оқырмандар. Желіде пікір білдірушілер «Өзбекстан ханшайымының» орны бос емес деген.

Бүгінде Гүлнара Каримова жемқорлық айыбымен сотталып, түрмеде отыр.

centralasian.org

Exit mobile version