Моңғолияда 1000 бүлдіршін бір уақытта домбыра шертіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді. Олар Наурыз мерекесіне жиналған қауымға осындай тосынсый жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Видеоны желіге журналист Шынарбек Сейітханұлы жүктеген. Аз уақыттың ішінде аталмыш ролик 40 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.
Видеоны көрген жұрт ұйымдастырушылардың әрекетіне риза болып, халыққа көңіл-күй сыйлаған бүлдіршіндерге алғыстарын жаудырды.