Site icon KAZAKBOL

Мысыр президентін қарсы алуға шыққан Мәдениет министрі сырт кейпімен көпшілікті таң қалдырды

Жақында Мысыр президентін қарсы алуға шыққан еліміздің Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің сырт кейпімен көпшіліктің таңданысын тудырды.

Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары министрдің маңызды кездесуге киіп барған киімін қызу талқылап, таңданыстарын жарыса жазуда. Мәдениет министрінің киіміне пікір білдіргендер қатарында белгілі кәсіпкер Айдан Кәрібжанов та бар.

«Қазақстанның Мәдениет министрі Мысыр президентін күтіп алу үшін неге бұлай киінген? «Жарқанат» опереттасына реквизиттерді өлшеп жатқан жерінен оған хабарласып, әуежайға сол күйі жібере салғандай әсер қалдырады. Өзге ақылға қонымды себеп ойыма келер емес», — деп жазған Кәрібжанов Facebook-тағы жеке парақшасында.

Ол жазбасының астында таңданысын тудырған фотолармен де бөліскен.

Еске салсақ, бұған дейін елорданың халықаралық әуежайында Мысыр басшысын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Сыртқы істер вице-министрі Асқар Мусинов қарсы алғаны туралы хабарланған болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Exit mobile version