Site icon KAZAKBOL

Мысырда қойылым кезінде арыстан жаттықтырушыны жұрттың көзінше талап өлтірді

Фото: zaberaj.ru

Мысырда қойылым кезінде арыстан жаттықтырушыға шабуыл жасады. Бұл туралы Daily Mail-ға сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.

35 жастағы Ислам Шахин есімді цирк қызметкері бір уақытта үш жануарды қадағаламақ болады. Алайда жыртқыштардың біреуі оған шабуыл жасайды.

Жаттықтырушының әріптестері оны құтқармақ болып, жануарларды қуып жіберген. Алайда ер адам алған жарақаттарынан ауруханаға бара жатқанда көз жұмған.

Оқиғаны көрермендер, оның ішінде балалар көріп тұрған. Цирк басшылығы адамға шабуыл жасаған арыстанды оқшаулап, оны ветеринарлар тексеріп жатыр.

Exit mobile version