«Отбасым» Ұлттық құндылықтар орталығы төрағасының орынбасары Ханым Ахметова ұлттық тағамдар рецептілерінің «Қызыл кітабын» жасап жатыр деп хабарлайды Comode.kz сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ.
Ханым Ахметованың айтуынша, ұмытылып қалған ұлттық тағамдардың құрамы табиғи, олар гендік жадты қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Түрлі тағамдарды қайта жаңарту үшін біз түрлі облыстарға, түкпір-түкпірдегі ауылдарға арнайы барып, ескі тағамдарды есіне сақтап қалған апа-әжелерімізді іздеп таптық. Олармен бірге бұл тағамдарды еске түсіріп, қазақ тағамдарының соншалық терең мәніне үңіле түстік. Көптеген қалаларда ұмытылып қалған тағамдарды қайта еске түсіру үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылды», — дейді ол.
Осы орайда, Comode халық жадынан шығып, ұмытылып қалған 5 тағамын назарларыңызға ұсынып отыр.
Ұлпершек
ФОТО: COMODE.KZ
Бұл жылқы немесе сиыр секілді ірі қара малдың жүрегінен жасалады. Оны алдын ала бір ай бұрын ұнға салып қояды. Бұл тағамды тұрмысқа шығып, алысқа ұзатылып кеткен қызға арнап төркіні әзірлейтін болған. Оны алған қыз қайда жүрсе де ата-анасының жүрегінде екенін есте сақтаған. Ата-анасының сәлемі ретіндегі тағамды малды жаңа сойған кезде даярлаған. Жүректі кітапша секілді ашылатындай, қатпарлап тіліп, тазалап-жуып, тұз, бұрыш қосады. Ет пен майды жіңішке етіп турайды да оны жүректің тілінген қатпарларына салады. Содан соң оны салқын жерге бір-ай бойы қойып қояды. Уақыты келгенде оны фольга немесе аспаз қабында пісіреді. Өте дәмді әрі жұмсақ болып шығатын тағам В2, В12 дәрумендері мен микроэлементтерге бай.
Быламық
ФОТО: COMODE.KZ
Түйілген тары мен сүттен жасалады. Ежелде оны арнайы босанған жас келіншектерге арнап жасайтын болған. Тары жас босанған ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі, гемооглабинді артырады. Бұл тағамда кальций өте көп.
Тағамды әзерлеу үшін — ұн, сүт, сары май, түйілген тарының сөлі, қант және тұз қажет болады. Ұнды майға қызарғанша қуырып, оған сүт қосады. 5 минут өткен соң тары қосады.
Мұндай тағам жеген келіншектер босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырамай, тез қалпына келген. Жас сәбилердің де іш шаншуы көп болмайды екен.
Жаужүрек
ФОТО: COMODE.KZ
Бабаларымыз ерлерге арнап қойдың бауырын арнайы әзірлеген. Себебі, оның құрамында батылдық гормонын бөліп шырғауға сеп болатын элемент бар екен. Қазақтар ұл балаларына батыл әрі қайсар болып өсін деп жаужүрек деп талатын тағам әзірлеген. Қойдың бауырында гепарин деп аталатын зат бар, ол миокард инфарктісінің алдын алуға көмектеседі екен. Ал қазіргі кезде бұл тағамды қонақтарға тіскебасар ретінде ұсынуға әбден болады.
Балқаймақ
ФОТО: COMODE.KZ
Балқаймақ қазақстар үшін дәмділердің дәмдісі саналады. Оның балқаймақ аталуының сыры да осында. Тіпті әйгілі композитор Құрманғазының «Балқаймақ» деп аталатын туындысы да бар екені белгілі.
Жаңа алынған қаймақты әлсіз отқа қойып, ол сары майға айналып кетпес үшін оған бал мен ұн қосады. Осылайша, бәрі араласып, 10-15 минут отта тұрады. Қазір осыған ұқсас рецептілерді торттардың арасына жағатын кремдерді жасағанда пайдаланылады. Ал бұрынғы кезде қазақтар оны асқазан жараларын емдеуде сәл қызыл бұрыш қосып қолданған. Ал қазіргі үй ханымдары оған киви қосып да дайындап жүр.
Өрметөс
ФОТО: COMODE.KZ
Бұл үйге күеу бала келгенде даярланатын тағам. Құрметбелгісі ретінде оның алдына өрметөс қойған. Қазір қой сойғанда оның ішкі ағзаларын түгел лақтырып тастайды. Ал онда жастықты сақтайтын қаншама пайдалы заттар бар, мәселен, коллаген мен эластан. Өрметөс — бұл екі жағы тілінген төс.