Нұр-Сұлтанда Қырғызстан елшілігінің жаңа ғимараты салынады.
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, жаңа ғимаратты салуға жер бөлу жөнінде Қазақстандағы қырғыз елшісі Дастан Дюшекеев Нұр-Сұлтан әкімі Алтаей Күлгіновпен жолыққан.
Тараптар Қырғызстан мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығын атап өту шарасын талқылаған.
Қазір Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі Нұр-Сұлтандағы дипломатиялық қалашықта орналасқан. Бұдан бөлек Алматыда бас консулдық жұмыс істейді.