Site icon KAZAKBOL

Нәрестені шапалақпен аяусыз ұрған қатыгез әйелдің әрекеті жан түршіктірді (видео)

Фариза есімді желі қолданушысы кішкентай сәбиді шапалақпен аяусыз ұрып жатқан қатыгез әйелдің видеосын желіге жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мына жантүршігерлік видео біздің қолымызға жақында түсті. Қатыгез әйел біздің танысымыздың көршісі. Видеоны 8 жастағы қыз бала анасы жұмыста болғанда түсіріп алған. Біз оны іздедік, алайда ол көшіп кетіпті. Оның тұратын жерін ешкім білмейді. Бізді қазір сәбидің жағдайы алаңдатып отыр. Бізге белгілісі ол эмигрант. Сондай-ақ, оның аяғы ауыр. Шамамен жүктіліктің сегізінші айында. Біз оның ата-жөні Құрманбаева Айгүл Қожабаева екенін білеміз. Қыз баланың аты — Айару». Сәбидің тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар оны табуға көмектесіңіздер», — деп жазды желі қолданушысы өзінің парақшасында.

Жүйкесі жұқа адамдарға көруге болмайды!

 

Exit mobile version